дау керек. Сондықтан әлемдік дағдарыс «тізбекті әсермен» өтетіні белгілі. Қолайсыз сыртқы жағдай біздің компанияларымыздың мүмкіндіктерін азайтты. Тек бұл ғана емес, сонымен бірге әлемдік қор биржасында шикізат бағасының түсуі де оны өндіру көлемін тежеді. Кәсіби мемлекеттік, ғылыми-негізделген менеджменттің негізінде қабылданған «дағдарысқа қарсы шаралар» ауыр жағдайды жеңілдетті.
Банктерге деген сенімді сақтау мақсатында заңда жекебасылық салымдарды кепілдікке бере отырып, қайтарып алу көзделді, ол бұрын межеленген 700 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейтілді, ал 2012 жылдан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.
Жоспардың мақсаты — жаһандық дағдарыстың теріс ықпалын жұмсарту және келешекте Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сапалық экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін негіз жасау.
Осы мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттык Банк және Қаржылық қадағалау агенттігі жұмысты бес бағытта шоғырландырды:
— қаржы секторын тұрақтандыру;
— жылжымайтын мүлік нарығының проблемаларын шешу;
— шағын және орта бизнесті қолдау;
— аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамыту;
— инновациялық, индустриялық жөне инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу.
Жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Ұлттык, Қорының 10 миллиард АҚШ доллары (1200 миллиард теңге) сомасындағы қаражаты пайдаланылады. Олар мына бағыттарда бөлінді:
1) қаржы секторын тұрақтандыру үшін — 4 миллиард АҚШ доллары
(480 миллиард теңге);
2) тұрғын үй секторын дамыту үшін — 1 миллиард АҚШ доллары
(360 миллиард теңге);
3) шағын және орта бизнесті қолдау үшін — 1 миллиард АҚШ доллары (120 миллиард тенге);
4) аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамыту үшін — 1 миллиард АҚШ доллары (120 миллиард теңге);
5) инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске қос
Страницы: << < 138 | 139 | 140 | 141 | 142 > >>