лар) өзінің жағдайын жақсарта алмайтындарға көмектеседі.
Мемлекет басшысы бәсекеге қабілеттілік өлшемін айқындай отырып, практикаға елқұрылысы деген маңызды ұғымды енгізді: жобаны орындау сапасы немесе іске асыру сапасы, ол көптеген тұрақты шамадан, соның ішінде: не үшін және қалай істеу керек, бұл неден, қандай уәжбен туындады деген нақты ұғымнан қалыптасады. Бұл ретте уәж немесе уәждер Қазақстан экономикасының әлеуметтік үлгісінде негізделген, ол, өкінішке қарай, осы кезге дейін лайықты теориялық негіздемесін, қорытындыланған философиялық базасын, экономикалық ғылыми қуаттамасын алған жоқ. «Бүгінгі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі — жаһандық экономика мен саясатта ең ықпалды тұжырымдалардың бірі, өйткені, тек қана экономикалық көрсеткіштерді қамти отырып, ол экономикалық емес маңызды құбылыстардың экономикалық салдарларын бағалайды», — деп атап көрсетті мемлекет Басшысы Гумилев атындағы Еуразия университетінде өзінің елқұрылысы жөніндегі дәрісінде. Ел Президентінің пікірінше, саяси ерік-жігер мен ұлттық пәтуа бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды тұсы болып табылады. Егер олар болмаса, елдің одан әрі дамуы туралы айтылғандардың бәрі бос сөз болып қала береді. Әлбетте, қоғам нақты іс-қимылдар жоспарын алмайынша, ол қажетті өзгерістерді жүргізуге жұмылдырылмайынша, атқарушы билік өз қатарларында реформалар жүргізбейінше, елді өтпелі уақытта да, кеңестік кезеңде де жіберілген жүйелік қателіктерден арылтпайынша, бәсекеге қабілеттілік өмір шындығына айналмайды. Бұл үшін бүкіл Қазақстанның ғылыми және зияткерлік күштерін ірі ауқымда шоғырландырудың маңызды екені, Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан ұлттың бәсекеге қабілеттілігін ғылыми қамтамасыз ететін арнаулы Орталық кұру қажет екені айдан анық33.
Батыс сарапшыларының елді қалай көркейтуіміз керек екен
Страницы: << < 135 | 136 | 137 | 138 | 139 > >>