амыту институтының (ІМБ) зерттеушілері елдердің бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі бірінші орынды айқындайды (ықтимал 100 балдан 100 балл). Кейінгі орындар ең жоғары нүктеден түрінде көрсетіледі. Қазіргі кезде олар бәсекеге қабілеттілікті айқындау үшін 69 елдің деректерін пайдаланады. Қазақстан бұл қатарға әлі енгізілген жоқ17.
Қазақстанға 5—7 кластерді дамытуға үміт артуға кеңес берілді, олар: туризм, мұнай-газ және машина жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызметтер көрсету, металлургия және құрылыс материалдары. Жеті кластерді бір мезгілде дамыту — бұл тиімді. Қазіргі уақытта және таяудағы кезеңде мұнай-газ секторы мен кен өндіру саласының жоғары қарқынмен өсуін ескере отырып, ең алдымен жер қойнауын пайдалану нарығын игеру керек. Кластерлер, шын мәнінде, технопарктермен қатар ұлттық инновациялық жүйені құрауға тиіс. Осы кешендегі (кластер технопарк) белгілі бір топтағы тәжірибеден өткен ғалымдардың басым әзірлемелерін жаппай көбейтіп таратуға беру деңгейіне жеткізіледі, ал профилге сай келетін академиялық орталықтар идея «берушілерге» айналуға тиіс. Бірақ кластер — экономиканың әмбебап дәруі емес, ол ұзақ іс-тәжірибелік қызметтің нәтижесі екенін ұмытуға болмайды. Технопарктермен, ғылыми орталықтармен, басқа да бірлестіктермен және ұйымдармен қатар олар экономиканың қазақстандық үлгісін іске асыруда пайдаланылатын құралдар ғана болып табылады.
Қазақстанның алған жолы — экономиканың әлеуметтік үлгісін іске асыру жолы. Әлеуметтік үлгі материалдық игілікті, халықтың жекелеген топтарының ғана емес, барлық жіктерінің тұрмыс сапасын жақсартуды нысанаға алады. Бұл орайда мемлекет тұрмыс деңгейін өз әрекет-қимылымен көтеруге ұмтылатындар үшін бар жағдайды жасайды, кемтарлығы және жас шамасының шектеулілігі себепті (мүгедектер, балалар, қария
Страницы: << < 134 | 135 | 136 | 137 | 138 > >>