нған шетелдік инвестиция 5,0 миллиард АҚШ долларын құраған болса, 2005 жылы 6,4 миллиард АҚШ долларын құрады, яғни Қазақстанға салынған инвестицияның көлемі бұл кезенде 1,3 есе көбейді6.
Әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін зерделеп, айқындаумен қазір Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум, Лозаннадағы Халықаралық менеджмент институты және Гарвард униерситеті жанындағы Стратегия және бәсекеге қабілеттілік институты (АҚШ) айналысады.
Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайынғы есебінде (Тһе Global Competitiveness Report) үш құрауышқа: макроэкономикалық орта көрсеткішіне, коғамдык институттардың сапасына және технологиялық дамуға негізделген ұлттық экономикалардың өсуінің бәсекеге қабілеттілігі индексінің негізінде 117 елдің бәсекеге қабілеттілігінің орнын анықтайды. Бизнестің бәсекеге қабілеттілігі үрдісін айқындау үшін бәсекеге қабілеттіліктің дамуы индексіне инвестициялық көрсеткіш қосылады. Осы шарттар бойынша Қазақстан бәсекеге қабілетті елдердің арасында жалпы 61-орын алады (соның ішінде даму қарқыны бойынша — 43-орын, әлеуметтік проблемалар бойынша — 76, техникалық жарақтандыру бойынша - 77-орын).
Мұның мәнісі республикада макроэкономикалық ортаның жай-күйі қанағаттанарлық, ал қоғамдық институттардың сапасы мен технологиялық жарақтандырылуы әлемнің қазіргі заманғы талаптарынан артта қалып отыр дегенді білдіреді.
Елдің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін әр түрлі 314 көрсеткіш, соның ішінде сараптамалық бағалау көрсеткіші пайдаланылады, олар: 83 экономикалық бағалау көрсеткіші, 77 — үкіметтің және басқарудың тиімділігін бағалау көрсеткіші, 69 — бизнестің тиімділігін бағалау көрсеткіші және 94 — инфракұрылымды бағалау көрсеткіші.
Осы статистикалық және іс-тәжірибелік деректердің негізінде Лозаннадағы Халықаралық менеджментті д
Страницы: << < 133 | 134 | 135 | 136 | 137 > >>