-мен өзара қатынастардың қалыптасуы кезеңінде ұйыммен ынтымақтастықтың іргетасы қаланды. Бұл кезеңде ЕҚЫҰ сарапшыларының қатысуымен нарықтық экономикаға көшу жағдайында Орталық Азия өңіріндегі экономикалық жағдайға шолу жүргізілді, экономикалық реформаларды жүргізу, өңірлік қауіпсіздік, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері жөнінде ұсыныс-кеңестер әзірленді.
Қазақстан басшылығы ЕҚЫҰ қызметінің Орталық Азия бағытын дамыту қажеттігін ұдайы атап көрсетуде. Бұл нақ осы Азияның қазір жаңа жанжалдардың, қауіпсіздік талаптары мен қатерлерінің көзіне айналғанымен көп дәрежеде байланысты болып отыр.
1998 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының үкіметі, ЕҚЫҰ және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ/ ЕҚЫҰ) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, Алматы қаласында ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды.
ЕҚЫҰ-ның қатысуымен Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкілетті институтты, сайлау заңнамасын жетілдіру, сот жүйесін реформалау, адам саудасы, нашақорлыққа, лаңкестікке қаржыландыруға, қылмысты жолмен табылған табыстың жылыстауына қарсы әрекет ету, БАҚ тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобалар іске асырылуда.
2003 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төраға қызметіне өзінің кандидатурасын тұңғыш рет ұсынды. Бұл кезге дейін КСРО-ның бұрынғы елдерінің бірде-біреуі осынау беделді халықаралық ұйымға төрағалық еткен емес және бұл қызметке өзінің кандидатурасын ұсынған емес.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалыққа өтінімі – елдің жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыруға дәйекті бағытының, халықаралық және өңірлік тұрақтылықты, қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етуге жауапты әрі сарабдал көзқарасының көрінісі.
2005 жылғы 26 тамызда Қазан қаласында ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің Қазақс
Страницы: << < 108 | 109 | 110 | 111 | 112 > >>