Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>

ті ұйым деп қайта атау туралы шешім қабылданды, мұның өзі ЕҚЫҰ кеңістігінде «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуымен сипатталатын жаңа геосаяси жағдайға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік пен тұрақтылық талаптарына жауабы болды және ұйымның жұмысына қосымша саяси серпіліс берді.
ЕҚЫҰ бүгінгі таңда қауіпсіздік және жанжалдарды болдырмау мәселелерімен айналысушы қазіргі өңірлік ұйымдардың ішіндегі ең ірі ұйым деп заңды түрде есептеледі. ЕҚЫҰ-ға Еуропа континентінің, Кавказ сыртындағы, Орта Азияның және Солтүстік Американың елдері кіреді. Ұйым Жерорта теңізі мен Азия мемлекеттерінің қатарынан өз әріптестерімен тығыз ынтымақтасып отыр. Сөйтіп ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостоққа дейінгі географиялық кеңістіктегі еуроатлантикалық және еуроазиялық қоғамдастықты біріктіреді.
ЕҚЫҰ-ның негізгі принципі – ЕҚЫҰ қызметінің негізгі үш өлшемінің, «себеттер» дейтіндердің, атап айтқанда, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық себеттердің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ететін қауіпсіздікке кең ауқымды және жан-жақты көзқарас. Адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономика және қоршаған ортаны сақтау саласындағы ынтымақтастық бейбітшілік пен тұрақтылық аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қаралады.
Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ жанжалдардың ертерек алдын алудың және оларды реттеудің, сондай-ақ еуразиялық кеңістікте жанжалдан кейінгі сауықтырудың басты құралы ретінде әрекет ететін бірегей және бірден-бір жалпы еуропалық ұйым болып табылады.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылғы қаңтарда қатысушы болды. Ұйымға кіру республиканың 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне және ЕҚЫҰ-ның басқа да құжаттарында негізі қаланған принциптерді әзірлеуге және іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін жалпы еуропалық үрдістерге белсене қатысуға ұмтылысынан туындады.
ЕҚЫК – ЕҚЫҰ

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: