іпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) Орталық Азия өңірінің Еуропа мен өзара іс-қимылының тиімді және дамыған арнасы болып табылады. Бұл ұйымның Қазақстан үшін рөлі ЕҚЫҰ-ның қоғамды демократиялық жолмен түрлендірудегі тәжірибесі мен беделін пайдаланумен қатар Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың жаңа талаптарының пайда болуына байланысты (діни экстремизм, лаңкестік, есірткі трафигі) арта түсуде. Мұның өзі ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы қызметін өңірлік ықпалдастықты нығайтуға жәрдемдесу, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберіндегі өзара іс-қимылды жолға қою және осы жаңа талаптарға қарсы әрекет ету жөніндегі алдын ала шараларды әзірлеу жолымен жандандыру қажеттігіне байланысты туындап отыр. Еуропалық кеңестің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясатта ЕҚЫҰ-мен өзара тығыз іс-қимылы Қазақстанға аталмыш мәселелерді екі жақты негізде, өзара іс-қимылдың нақты қалыптасқан формаларын ескере отырып, экономикалық және экологиялық өлшемге баса ден қоя отырып, пысықтауға қосымша мүмкіндік береді. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Еуропалық Одақ Қазақстан сияқты, ЕҚЫҰ-ның жалпы еуропалық ұйым ретіндегі рөлін күшейту туралы пікірді қолдайды. ЕК мен ЕҚЫҰ қауіпсіздіктің Азиялық жүйесін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) құру идеясына оң қатынасы болашақта Еуразия кіші континентінде қауіпсіздіктің екі құрылымын көбірек үйлестіру мүмкіндігін береді.
1975 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі (ЕҚЫК) – Шығыс пен Батыс арасындағы пікір алысуды жолға қою үшін көп жақты форум құрылды. Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-не қатысушы мемлекеттердің өз азаматтары жөніндегі, сондай-ақбір-бірімен қарым-қатынасы бойынша мінез-құлқының негізгі принциптерін тиянақтады. 19944 жылы Будапешт қаласында Кеңес
Страницы: << < 106 | 107 | 108 | 109 | 110 > >>