Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  105 | 106 | 107 | 108 | 109  >  >>

белгілеп, бұл лауазымға ЕҚЫҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Ян Кубишті тағайындады.
Сондай-ақ Қазақстандағы саяси үрдістің дамуын сипаттай келіп, Еуроодақ өлім жазасына шектеусіз мараторий енгізуді өзінің қуаттайтынын растады, сондай-ақ омбудсмендердің (құқық заңдылығын бақылаушылардың) өкілеттілігі мен белсенділігін кеңейтуді, Қазақстанның сот және түрме жүйелерінің реформаларын ілгері жылжыту, адам саудасы және есірткі трафигімен күрес жөніндегі күш-жігерін қанағат сезіммен атап көрсеткенін айта кету қажет.
Еуропа Кеңесі (ЕК) мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы (ЕКПА) Еуропа континентіндегі демократиялық қауіпсіздіктің түйінді институттарының бірі ретінде қаралады. Еуропа кеңесінің Шығыс Еуропа және ТМД елдеріне экономикалық қайта өзгерістермен қатарлас құқықтық және конституциялық реформаларды іске асыруда және баянды етуде көмек көрсеті жөніндегі қызметі жоғары бағаланып отыр.
ЕКПА Еуропадағы демократиялық құндылықтарды дамыту үшін жауапты беделді еуропалық органдардың бірі болып табылатынын ескере отырып, демократиялық және азаматтық қоғам нормаларын сақтаушы мемлекет ретінде Қазақстанның беделін нығайту тұрғысынан онымен ынтымақтасу маңызды болып табылады. ТМД мемлекеттерінің ЕКПА-ға мүшелікке және онымен ынтымақтастыққа көңіл бөліп отырғаны (Ресей, Молдова, Украина, Грузия, Армения, Әзірбайжан) осы ұйымның жоғары саяси беделін айғақтайды.
Қазақстан Республикасы мен Еуропа кеңесінің ынтымақтастығы қазіргі кезде негізінен Қазақстан Республикасы Парламентінің ЕК Парламенттік ассамблеясымен (ЕКПА) өзара қатынастармен шектеліп отыр. Бұл қатынастар 2004 жылғы 28 сәуірде қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісімге негізделген. Алайда Қазақстан Парламентінің делегациясы ЕКПА-ның сессияларына 2003 жылдан бастап қатысып келеді47.
Еуропадағы қау

Страницы: <<  <  105 | 106 | 107 | 108 | 109  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: