іктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн "Құтты білікті" 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған. Дастан елде Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады.
Ж. Баласағұн - саяси-әлеуметтік ойда мемлекеттегі басқару істерінің заңмен реттелуі мәселесін кешенді көтерген ғұламалардың бірі. Дастанның басты идеясы - мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Шығармада елдегі, қоғамдағы ішкі тәртіпті халық мүддесіне, заңдылыққа негіздеп құру идеясы айқын көрініс береді. Осы идеялар негізінде бүгінгі Қазақстан өзінің алдына қойған стратегиялық, конституциялық міндеттері, яғни "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деген қағиданы ойдағыдай шеше алады.
Ж. Баласағұн еңбегіндегі елдегі заңдардың бүкіл халыққа қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеуметтік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт - қазіргі таңда "Мәңгілік Ел" идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың да ұстанып отырған стратегиялық саясаты.
Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасының жария еткен 2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: "Біздің жалпы ұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді баст
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>