Тәуелсіздік толгауы

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

ел боламыз, бұл - жеңіске жетуіміздің негізгі кепілі. Міне, біздің басты байлығымыз да - осы. Рухы еркін халық қана кез-келген мәселені шеше алады, әлемдік деңгейде өз орнын таба алады.
Қазақ халқы өзінің тарихи негізгі ұлттық құндылықтарын өзі де танып, өзгеге де танытып, ұлттық тілін құрметтеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам бола алады. Бұл - біздің үшінші құндылығымыз.
Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық, соғыстарға, отарлау езгісіне, әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен босқыншылықтарға, саяси қуғын-сүргіндерге және тағы басқа озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейін негізгі халықтық-ұлттық ділін сақтаған қазақ ұрпақтарының ұлттық рухта тәрбиеленуі - аса зәру мәселе екендігі айқын сезіледі.
ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ұлттық идея мен ұлттық идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. Мәңгілік ел болу үшін ұлттың рухын асқақтарып, тілін, дінін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін яғни ұлттық құндылықтарын жете зерттеп, насихаттау міндеті тұр. Өйткені, қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі - әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі. Ал, "Әрбір ұлт - өзінің халқы үшін Ұлы Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде" (Ш. Айматов).
Елбасы төртінші құндылық, бұл - индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім екендігіне тоқтала отырып, әрбір қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсарып дамыған отыз елдің қатарына қосылудың бірден-бір сара жолын анықтап берді.
Бесінші құндылық, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Елбасының қазақстандық қоғамның бүгінгі, жаңа замандағы бейнесі деуге болады. Президент Н. Ә. Назарбаевтың жаңғырту үрдістерінің табыст

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: