Тәуелсіздік толгауы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Мен қоғамда: "Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?"деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлттық мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - "Мәңгілік Ел" идеясы", - деген еді. 1
Жалпы, "Мәңгілік Ел" идеясының үш негізден немесе үш тұғырдан тұратыны анық. Біріншісі - Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) саяси акт - "манифест" ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі - әл-Фарабидің философиялық шығармасында идеяның теориялық-философиялық тұрғыдан негізделуі және үшіншісі - Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дидактикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі саяси тұжырымдар, Әбу Насыр әл-Фарабидің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" және тағы басқа әйгілі туындыларының ой-идеялары - "Құтты білік" дастанындағы философиялық түйіндер, саяси-әлеуметтік болжамдар бір мәдениеттің, бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, біртектес ел-жұрт тіршілігі тұтастырғын бір дүниетанымның жемістері. Тарихи кезең мен мемлекетшілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар Күлтегін жырларында да, әл-Фарабидің философиялық шығармаларында да Жүсіп Баласағұнның дастанында да бірдей кездесіп отырады.
Белгілі бір идеяның мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, ол сол мемлекетте өмір сүріп отырған халықтың мақсат-мүддесімен, болмысымен толық сәйкес келгені жөн. Бұл туралы Монтьеске: "Заңдар үкіметтің табиғаты мен принциптеріне, бас

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: