Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
5-сынып оқушыларымен өткізілген баспасөз конференциясы жоспарланған өз мақсатына жетті. Іс-шара танымды болуымен қатар, оқушылардың ұйымдастыру қабілеттері мен қоса, өз бойларына көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік болды туғызды. Оқушылар тілшілер, ғалымдар және әділқазылар алқасы болып үш топқа бөлініп, бір-бірімен еркін қарым-қатынасқа түсе алды. Тіл байлықтарының молайуына жағдай жасалды. Ақпараттар ауызша, жазбаша және видеобаяндардың көмегімен беріліп, оқушылардың тәуелсіздік жайлы ұғымдарын кеңейтулеріне қолайлы да тиімді болды.










Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: