ген журналистер.
Мұғалім: Ендігі сөз кезегін бізге өз жұмыстарымен, жетістіктерімен бөлісуге келген ғалымдарға берейік.
1. "Қазақ хандығына 550 жыл" жобасымен таныстыруға Ерманова Виктория шығып, қазақ хандығы жайлы таныстырады.
2. "Қазақстан президенті" жұмысымен Сайрамбаева Даяна таныстырады, президент жайлы толық мәлімет беріп шығады.
3. "Желтоқсан құрбандары" тақырыбына дайындаған презентациясымен Улыбина Екатерина ортаға шығып, 1986 жылы 16 желтоқсанда болып өткен оқиғаға кеңінен тоқталып шығады.
4. "Теңгенің тарихы" жұмысымен Урумбаева Карина теңгенің қашан, қай жерде, кімнің бастауымен жасалғаны жөнінде айтып шықты.
5. "Тәуелсіздік күні" презентациясын Алексеева Анастасия мен Вешкурцева Александра бірлесіп оқып берді.
Осылайша ғалымдарымыз өз туындыларымен бөлісті. Жұмыстарын оқушылар арасынан тағайындалған әділқазылар мүшелері бағалап, өз қорытындыларын шығарып отырды.
Журналистер тарапынан тыңдалған жұмыстарға байланысты түрлі сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Оқушылар үйден дайындап келген мақал-мәтелдерін мәнерлеп айтып береді.
Әділқазылар алқасы шешімдері шығарылып, жақсы деген жұмыстарға мақтау қағаздары табысталды.
Оқушылар "Қазақстан" әнін орындайды.
Құрметті оқушылар, қонақтар, ұстаздар осымен біздің " Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы " атты баспасөз-конференциясы аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
" Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы " атты баспасөз конференциясының талдауы
Мақсаты :
1. Білімділігі: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>