лқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
Тәуелсіздік күніне арналған бейнебаян
"Елім - ай" әні орындалады
Оқушылар үйден жаттап келген Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерін айтып береді:
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
"Болса екен қазақ баласы"
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
"Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой" - десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім
Баспасөз конференциясына қатысушылар: ғалымдар, әділқазы алқасы, әр телеканалдардардан, радиодан кел
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>