л бойында, қауіпсіздік
Дескриптор:
1. Білім алушы тірек сөздерді дұрыс қолданады.
2. Түсінігіне сай болжам жасайды.
Кері байланыс: "Бас бармақ" әдісі
Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:
1. Тротуардың оң жағын ала жүр.
2. Жүгірме,асықпай адымда.
3. Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4. Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5. Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6. Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7. Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің бірінен жәрдем сұра.
8. Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1. Қатардан шықпа.
2. Алысып, ойнама.
3. Жүгірме, секірме, итеріспе.
4. Шуылдама.
5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.
6. Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.
Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде "бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ"деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.
Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді. Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды. Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топ- талған тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана бұзу-шылар қоршауларды
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>