Тротуарда

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6

Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.

Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде "бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ"деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.

Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді. Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды. Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топталған тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана бұзушылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер. Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмайтынына әрқашан сенімді. Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргізуші аса қиын жағдайға тап болады.





Страницы: <<  <  4 | 5 | 6
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: