Тротуарда

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

йдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалықбайланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, моральдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар: жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т. б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе? -- деді. (М. Әуезов)
Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн(бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов)
Қыстырма сөз - сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. Қыстырма сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Кей реттерде сөйлем түріндегі қыстырма сөз кездеседі.
Ойтүрткі. "Кинометафора" әдісі арқылы оқушылар жаяу жүргінші туралы бейне баян көреді.
Тапсырма: Бейнежазбадан көрген үзіндіні топ ішінде талдаңыз. Топтың шешімін хабарлаңыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар? Жасаған болжамыңыздың себебін түсіндіріңіз.
Тірек сөздер: жаяу жүргінші, тыйым салынады, көлік, арналған, жо

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: