Тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну.
:: Баламен әдепті сөйлесу.
:: Балаға сену керек, әрине, бұл ең маңызды.
"Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - әке мен шешенің қарым - қатынасы" - деп В. А. Сухомлинский айтқандай, " Ата - ана - өз баласының тәрбиесі үшін ел, халық алдында жауапкер".

Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша " қиын" оқушылардың тууына итермелейтін тағы бір әсер - отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Қазір материалдың байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөпірімдер арасында " анау да керек, мынау да керек" деген көрсеқызарлықтың әсерінен, "өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ" деген оймен баланың көзқарасының өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.
Жасөспірім бойындағы жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік - педагогикалық, психологиялық әдістерді қолданып, тәрбиені ерікті, зорлықсыз түрде іске асыру керек. Ата - аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы жолды ұстанады. Жасөспірімдердің жеке басын сыйламау, адам қатарына санамау), негізсіз жазалау, көп сөз, қорқыту, ұру - жасөспірімнің қатыгез, қатал, ашықтан - ашық отбасы талабын орындамай, өз білгенің істеуге бейім болып өсуіне әкеліп соқтырады. Ымырашылдық жол - бұл, керісінше, баланың барлық талабын ойланбай орындау, жазаламау. Мұнда қолданылатын әдіс, негізінен, әңгіме, сол арқылы баланың барлық іс - әрекеттерін жақтау, балаға жалыну, өтіну болады. Ондай жеткіншек бойында өзімшілдік, дарашылдық, жеке басты ойлау, қоғамдық мүддеден гөрі өз басының мүддесін бірінші орынға қою, өзгелердің ойымен санаспау, өз ісін атқаруда өзгеге талап қою әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Үнемі ескерту естіп, үлк

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: