Тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы ,
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Әлеуметтік педагог Д. Б Байбулова

Баяндама тақырыбы: Қиын оқушылармен және ата - аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі.
Баяндама мақсаты:
1. Оқушылармен ата - аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп, ұстаз, ата - ана қарым - қатынасын нығайту.
2. Әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.
3. Адамгершілік, сыйластық, инабаттылық тәрбиеге баулу.
Баяндама барысы:
Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе "қиын" балалар. Алдымен осы "қиын" оқушылар дегеніміз кімдер? Олар - мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар.
Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, ұстаздардың талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез - құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата - анамен қарым - қатысына байланысты екені анықталды.
Кей оқушылар ата - ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмірге ызалы, тұйық қалыпқа түседі.
Ата - ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп, уайымға шалдығады, кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып, тү

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: