Тұрақты тоқтың электр тізбегі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ысалы, 1-суретте тек қана "а" нүктесім мен "с" нүктесі түйіндер, ал схемада түйінді "жалпақ" нүктемен белгілейді.
Тармақ дегеніміз екі түйінді қосатын электр тізбегінің бөлігі. Екі түйін арасында бірнеше тармақ бөлігі болуы мүмкін. Осы бөлік тек бір ізді қосылған ЭҚК-нен және кедергілерден тұрады және осы бір тармақ бөлігімен бір ғана ток жүреді.
Контур дегеніміз схеманың тұйықталған бөлігі, оған бір ізді жалғасқан бірнеше тармақтардың кіруі мүмкін. Егер контурды, өзіне кірмейтін тармақтардан бөліп қарайтын болсақ, онда ол тармақсыз тізбек деп аталынады. 2-суреттегі тізбекте контурлары бар, көбінесе есептеуге жеңіл болу үшін осындай қарапайым контурларды таңдап алады.









2-сурет. Тармақталған электр тізбегінің схемасы
Сонымен, Кирхгофтың бірінші заңы электр тізбектерінің түйіндеріне қолданылады және осы түйіндердегі токтың тепе-теңдігін /балансын/ анықтайды. Яғни электр тізбегінің түйіндерінде токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең.



Кирхгофтың бірінші заңының басқаша анықтамасы былай: Электр тізбегінің түйініне бағытталған токтардың қосындысы осы түйіннен ағып шығатын токтардың қосындысына тең. Мысалы 2-сурет үшін.

I3 I1 I2

Бұл қосындыда токтар өзінің түйінге қатысты бағытына қарай әртүрлі таңбамен алынады. Бұл токтың үздіксіздік принципіне негізделген. Егер қарастырылып отырған тізбектерге ток көзі жалғанса, онда осы ток көзінің тогы да есептелуге тиісті. Тармақтардағы токтардың алгебралық қосындысы /теңдіктің бір жағындағы/, ток көзі тоғының алгебралық қосындысына тең /теңдіктің басқа бөлігіндегі/



Мұндағы І-қарастырылып отырған түйінге жалғанған тармақтардағы токтар.
I- қарастырылып отырған түйінге жал

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: