ашып, R коэффициетінің орнына оған кері R
шамасын алды да, оны өткізгіш кедергісі деп атады. Г. Омның құрметіне кедергі оммен (Ом) өлшенеді.
1Ом-ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда, бойынан 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі.
Енді жоғарыда айтқандарды ескеріп
I RU
аламыз. Бұл тізбек бөлігі үшін Ом заңының математикалық өрнегі. Заңның мәні мынада:тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал.
Толық тізбек үшін Ом заңы
I
Тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің электрқозғаушы күшінің шамасына кері пропорционал және тізбектің ішкі, сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергісіне кері пропорционал.
Джоуль-Ленц заңы
Электр тоғының жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Дж. Джоуль мен орыс физигі Э. Ленц тәжірибе жүзінде зерттеген. Тоғы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшері электр өрісінің өткізгіштің кедергісін жеңуге жұмасаған жұмысына тең:
QAж I2Rt
Джоуль-Ленц заңының математикалық өрнегі болып табылады және ол былай оқылады: өткізгіштегі токтың бөліп шағатын жылу мөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күшінің квадратына және оның өту уақытына тура пропорционал.
Кирхгофтың заңдары
Электр тізбектерін есептеу үшін Ом заңдарымен қатар Кирхгофтың екі заңы қолданылады. Олар энергияның сақталу заңына бағынады. Кирхгоф заңдарын пайдалана отырып есептейтін тәсілдер арқылы электр тізбектерінің кез келген түрлерін есептеп шығаруға болады.
Кез келген бір күрделі электр тізбегін сесептеу үшін түйіндер мен тармақтар және контурлар санын білу керек.
Тізбектің түйіні деп үш немесе одан да көп тармақтардың түйісетін нүктесін айтады, м
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>