Тұрақты тіркестер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сынып 5
Күні: Пән: қазақ тілі. Пән мұғалімі:Буянбаева А. А
Сабақ тақырыбы
Тұрақты тіркестер
Сілтеме
Қазақ тілі. Г. Қосымова. Ж. Дәулетбекова
Мақсаты
Тұрақты тіркестер тақырыбынан алған білімдерін түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы пысықтау, жинақтау, сөз мағынасын түсініп, пікір айта білуге, белсенді жұмыс жасауға жұмылдыру;
Күтілетін нәтиже
Тұрақты тіркестер туралы білімдерін толықтырады, түсінеді,түсіндіреді.
Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнайды, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақтың түрі
Сындарлы оқыту
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Оқулық, таратпа материалдар, тірек-сызбалар,интерактивті тақта,постер,маркер, стикер, "Маған көмектесіңіз" дәптері, оқулық, жазу дәптері,т. б.
Модульдер
Жеті модуль
Әдіс-тәсілдер
Жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау
Сабақтың эпиграфы:
"Өзің ойлан, өзің тап, өзің ізден,
Деген ақыл оқимын көзіңізден" Қ. Мырза-Әлі

Сабақтың барысы
Ұйымдастырыу
Сәлемдесу;
Түгендеу;
Топқа бөлу;
Жағымды психологиялық ахуал туғызу;
Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу
Бөлімі
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Білім
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау

Алдымен сабағымыздың мақсатын айқындап алайық.
- Қандай мақсат қояр едіңдер ?

Жаңа сабақтың мақсатын айқындайды.
ІІІ. Жаңа тақырыпты игеру кезеңдері
Түсіну

Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері айт.

Топтық жұмыс. 1. Сөздер жазылған парақшалар беріледі, әр оқушы сол сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрайды, мағынасын табады.
1-топ. - Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)
2-топ. Қыздың жиған жүгіндей

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: