3-топ. Жерден алып, жерге салды
4-топ. Қолы қолына жұқпады
Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері
1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болады
2. Сөздердің орны ауыстырылмайды
3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді
4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей,барлығы тұтас бір мағынаны ашады
5. Сөйлем құрамында бір ғана сөйлем мүшесі болады.
1-бөлім: "Баламасын табыңдар"
Екі езуі екі құлағына жету - қуану
Екі көзі төрт болды - қорықты
Екі көзі шарасынан шығу - қорқу
Етектен алу - кедергі жасау
Ешкімнің ала жібін аттамау - қиянат жасамау
Жегенін желкесінен шығару - сазайын беру
Жер болу - ұялу
Жер жұту - жоқ болу
Жұлдызы оңынан туу - жолы болу
Жұмған аузын ашпау - сөйлемеу
Жүзіктің көзінен өткендей - сұлу
Жүрегі алып ұшты (жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) - қатты толқыды
Жүрегінің түгі бар - батыр
Ине шаншар жер жоқ - толық, тығыз
Инемен құдық қазғандай - қиын, ауыр
Көз жазып қалу - адасу
Көзге түртсе көргісіз - қараңғы
Қой аузынан шөп алмас - момын
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау - тыныштық заман орнау
Тату, дос - арасынан қыл өтпейтін
Алыс, қашық - ит арқасы қиянда, ит өлген жер
Ұялу - жерге кіріп кете жаздау
Ұрлық - қолды болды
Момын - қой аузынан шөп алмас
Екі көзі төрт болу - күту
Салы суға кету - шарасыздық
Жұмған аузын ашпау - үндемеу
Түн ұйқысын төрт бөлу - бағып-қағу
Қол ұшын беру - көмектесу
Қолдану
2-бөлім: "Суреттер сөйлейді"
Оқушыларға қыздың суреті көрсетіледі. Сол суретке қарап тұрақты тіркес құрайды, мағынасын ашады.
3-бөлім: "Оқулықпен жұмыс"
111-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қой
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>