Тұлғаны әлеуметтік бейімдеудің психологиялық-педагогикалық қырлары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Сугуралиева А. М. , магистр,оқытушы

Тұлғаны әлеуметтік жағынан бейімдеудің психологиялық - педагогикалық қырларын қарастыратын болсақ, психологияда тұлға іс-әрекетінің өмірдегі ролін және мағынасын ашу, әлеуметтік, психологиялық және тағы басқа да категориялар мен ұғымдар жүйелерінде анықтау барысында талқылайтын - В. В. Давыдов. Тұлғаның дүниемен яғни әлеуметтік ортамен әрекеттестігі тек субъектінің іс-әрекетінен шықпайтындығы туралы интериоризация теориясы жетіспеушіліктерінің бірін анықтауға жол ашады. Бұл теория тұрғысынан А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов және басқалар іс-әрекет мәселесін талдайды. Іс-әрекет мәселесі - бұл жеке тұлға мәселесі аспектілерінің бірі (бірлесіп дүниемен әрекеттескен), ол - ең басты, бірақ сондай әрекеттестіктің жалғыз деңгейі емес. Жеке тұлғаның азаматтық қасиеттерін дамыту жөнінде сөз қозғағанда адамның жеке басында имандылық, адамгершілік қасиеттерді, мәдени мінез-құлық ерекшеліктерін, ақыл-ой, сондай-ақ, ерік, эмоция құбылыстарын жарасымды қасиеттерін тәрбиелеу сияқты мәселелерге баса назар аударылуы тиіс. Осы бағытта мынадай мәселелер анықталды. Тұлғаның құрылымы мен қалыптасу жолы жөнінде бірнеше теориялар бар. Солардың ішіндегі ең қомақтысы Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) психоанализ (жан талдау) деп аталатын қисындары. Зигмунд Фрейдтің теориясы бойынша тұлғаның құрылымы үш бөліктен тұрады. Оның біріншісі - ид (ол), екіншісі - эго (мен), үшіншісі - супер эго (жоғары мен).
Ид-инстинктердің жиынтығы, ол санасыздыққа бой ұрып, рахаттану принципін басшылыққа алады. Эго (мен) идтің (ол) оларға әр түрлі рахаттану инстинктерді түгендеп басшылық етуде шындықпен санасу п

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: