Тұлғаны әлеуметтік бейімдеудің психологиялық-педагогикалық қырлары - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 97
  • Скачиваний: 13

Тұлғаны әлеуметтік жағынан бейімдеудің психологиялық - педагогикалық қырларын қарастыратын болсақ, психологияда тұлға іс-әрекетінің өмірдегі ролін және мағынасын ашу, әлеуметтік, психологиялық және тағы басқа да категориялар мен ұғымдар жүйелерінде анықтау барысында талқылайтын – В.В.Давыдов. Тұлғаның дүниемен яғни әлеуметтік ортамен әрекеттестігі тек субъектінің іс-әрекетінен шықпайтындығы туралы интериоризация теориясы жетіспеушіліктерінің бірін анықтауға жол ашады. Бұл теория тұрғысынан А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов және басқалар іс-әрекет мәселесін талдайды. Іс-әрекет мәселесі – бұл жеке тұлға мәселесі аспектілерінің бірі (бірлесіп дүниемен әрекеттескен), ол – ең басты, бірақ сондай әрекеттестіктің жалғыз деңгейі емес. Жеке тұлғаның азаматтық қасиеттерін дамыту жөнінде сөз қозғағанда адамның жеке басында имандылық, адамгершілік қасиеттерді, мәдени мінез-құлық ерекшеліктерін, ақыл-ой, сондай-ақ, ерік, эмоция құбылыстарын жарасымды қасиеттерін тәрбиелеу сияқты мәселелерге баса назар аударылуы тиіс. Осы бағытта мынадай мәселелер анықталды. Тұлғаның құрылымы мен қалыптасу жолы жөнінде бірнеше теориялар бар. Солардың ішіндегі ең қомақтысы Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) психоанализ (жан талдау) деп аталатын қисындары. Зигмунд Фрейдтің теориясы бойынша тұлғаның құрылымы үш бөліктен тұрады. Оның біріншісі – ид (ол), екіншісі – эго (мен), үшіншісі – супер эго (жоғары мен).

Ид-инстинктердің жиынтығы, ол санасыздыққа бой ұрып, рахаттану принципін басшылыққа алады. Эго (мен) идтің (ол) оларға әр түрлі рахаттану инстинктерді түгендеп басшылық етуде шындықпен санасу принципіне жүгінеді. Ең соңғы супер - эго адамгершілік ерекшеліктерді басшылыққа алып, бақылаушы және сынаушы міндеттерін атқарады. Егер «Мен» «Жоғары менге» қарсы тұрса, нәтиже «идтің» пайдасына, яғни, рахаттануға бой ұрса, адам өзін кінәлімін, ұяттымын деп айыптайды. Сөйтіп, бұл жайт конфликтілік ситуацияға алып келеді де, адамдарда аса күшті толқу сезімдері пайда болады. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. Әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде психологиялық – педагогикалық жағынан қалыптастыруда оның өзіндік ерекшеліктеріне мән беріп, топтағы өзара қарым – қатынастарының ықпалын арттырудың жолдарын нақты көрсетіп бағыт берудің маңызы зор. Осы жауапты қызметте оқушы үшін тиімді әрі оңтайлы әдіс – тәсілдердің шеберлікпен ұйымдастырылуы оларға оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты белсенді әдістердің ішінде әлеуметтік – психологиялық тренингті өткізу – әлеуметтік бейімделудің маңызды тәсілі.

Әлеуметтік – психологиялық тренингтің негізгі мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны ұйымдастыру болып саналады. Жеке тұлғаны зерттеудің әлеуметтік – психологиялық мәселелері:

Жүргізілген ұйғарымдардың жүру барысы бізді тікелей жеке тұлға мәселесімен байланысты мәселелер шеңберлі қарастыру қажеттілігіне алып келеді. Бірақ, бұл мәселенің талдауын бастамас бұрын әлеуметтік психологияға арнамалы болып табылатын «кесіндіні» дәлелдеп алуымыз керек. (Әлеуметтік психологияға жеке тұлға мәселесі 1979 ж.) Әлеуметтік психологияда жеке тұлға мәселесі қандай орын алу қажеттілігі туралы түсініктердің қарама – қайшылығы бар. Жеке тұлғаны оның әлеуметтік сипаттамасына онда белгілі бір сапалардың қалыптасуына кедергі жасаған болатын. Әлеуметтік психологияның анықтамасында жеке тұлға мәселесі ретінде, бірақ арнаулы аспектіде қатысады. Бұл аспектінің мінездемесі, оның пайдасына аргументация жасалуы керек. Жеке тұлға мәселесіне жалпылама қызығушылықтың бағыттары өте маңызды сияқты болып көрінеді. Себебі: бұл мәселені іске қатысы бар, барлық ғылыми пәндердің бірігуімен шешуге болады. Осылайша, әлеуметтік психология үшін жеке тұлғаға байланысты бағытын екі басқа пәндердің жеке тұлғаға байланысты бағытынан айыру қажет. Олар: әлеуметтану және психология. Бұл мақсаттың әлеуметтанулық және психологиялық білімнің кез келген жүйелері үшін бірдей шешімі болуы мүмкін емес. Оны шешудің қиындығы жеке тұлғаны қандай да бір нақты әлеуметтанулық және психологиялық концепцияда түсінуге тәуелді, тек оның психологиялық зерттеу пәні ретінде спецификасын түсінуге болады.

«Жеке тұлға – бұл индивидтің тума биологиялық диспозицияларының, инстинктерінің, құмарлықтарының және өмір сүру барысында иеленген бейімділіктері мен бітістерінің жалпы жиынтығы»

Адам туа салысымен әлеуметтік топқа енеді. Адам өзінің іс-әрекетінің мақсаты мен жалпы даму функцияларын өз қайшылықтарымен анықтайды. Жалпы адамзат қоғаммен бірге пайда болады. Бұл мәңгілік және жалпы категория деген. Тәрбиенің адамзатпен бірге жасасып, күні бүгінге дейін қоғам, яғни әлеуметтік орта дамуында болды. Алғашқы педагогика ғылымы тек бала тәрбиесі жөніндегі ғылым ретінде қарастырылса, бүгінгі таңда ол, адам тәрбиесі жөніндегі ғылым ретінде танылды. Жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің педагогикалық жақтары педагогтарға тікелей байланысты. Орыс педагогы Ушинский өзінің оқушыларға арнаған «Адам – тәрбиенің объектісі» деген еңбегі балалардың жан дүниесін жете білуі, өте айрықша екенін ескере отырып, егер педагог адамдарды барлық жағынан бейімдегісі келсе, онда оны барлық қырынан тануы тиіс. Педагогтың айтқан кей жағдайлары емес, балалардың психикасы да, мінез - құлқы да әр түрлі болуы керек. Сондықтан дұрыс деп саналатын педагогикалық әдістердің өзі де кей жағдайларда айтарлықтай нәтиже берсе, басқа жағдайда нәтиже бере алмауы осыдан болады. Педагог өз ісіне шебер болуы үшін балалардың, яғни қалыптасқан жеке тұлғаның жан дүниесін жете білуі керек деп, Ы.Алтынсарин былай дейді: « Егер баланың бірдеңені түсінбейтіні болса, ұстазы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау керек ».

Жеке тұлғаны жан-жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлға проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, тәжірибеде қолданады. Нәтижесінде әлеуметтік бейімдеу барысында жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.

Психологиялық жағынан жеке тұлғаға қатысты нәрселерді көпшілік шешеді, бірақ бұл тұрғыда әлеуметтік психология қарастырады. Жеке тұлға өзі үшін білу керек, өзі үшін талпыну керек. Жеке тұлғаны байқау үшін оның әлеуметтік топпен қарым – қатынасын байқау қажет.

Жеке тұлғаны әлеуметтік ортада толық байқау мүмкін емес. Бірақта өзіндік түсінік - әлеуметтік орта өте тар, ол тек аз топтар арасында байқалады, ал көпшілік ортада психологиялық байланыс ретінде қаралады.

Батыста 20-жылдары әлеуметтік психология – психология ғылымының бағыттаушысы болды. Топтардағы жеке адамның жұмыс жасауы, іс-әрекеті тағы басқалары зерттеледі.

20-жылдардың басында рефлексология әлеуметтік өмірде психотехниканы атқару мүмкін болмады. 1936 жылы қолданбалы психологияны зерттеуге тыйым салынды. Тек 60-жылдары ғана әлеуметтік психология ғылым ретінде анықталды.

Психологияда әлеуметтік жағынан жеке бейімделуінің мынадай ұстанымдарын қолданған дұрыс:

  1. Әр түрлі пікірлері, ойлаудың, ішкі жан дүниенің эффективті бейнеленуі және проблемаға жеке көзқарастың болуы.
  2. Әдістемелік қарым – қатынасты ғылыми тұрғыда әр түрлі көзқарасты айыру үшін өзіндік кеңестің болғаны дұрыс.

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Себебі: адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық – суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Осы тұрғыда педагогика ғылымына енген жаңаша бағыт – гендерлік білім мен гендерлік тәрбиені адам құндылықтарына салыстырмалы түрде қабылдау қажет.

Ата-ана – отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. Отбасында тәлім алған, өмірлік дағдылары қалыптасқан баланың жан-жақты әлеуметтенгендігі мен әлеуметтік рольдерге бейімделгендігі адамгершілік сипаттарымен көрініс береді. Бұл бір жағы тәжірибелік нәтижесі болса, екінші жағынан, тұрақты да ерінбей-жалықпай мейірім арқылы берілген тәрбиенің жемісі.

Қоғамдық, тұрмыстық өміріндегі әлеуметтік рольдер осылайша ерекшелене түседі.

Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ұлттық сананың қалыптасуының ықпалы үлкен. Ұлттық сананың қалыптасуына аса ықпалды тәрбие түрлеріне ақыл-ой, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлтаралық қатынас сыйластығы, ізгілік, эстетикалық еңбек, дене, құқықтық, экономикалық, экологиялық тәрбие жатады. Ұлтжандылық ұлтаралық мәселелерде жеке адамның өлшемдерін үйлестіріп, рухани адамгершілікке деген сенімді жоғалтпауға бастайды.

Ұлтжандылық қасиетті қалыптастыратын негізгі төрт шарт бар:

  • Біріншіден, адамның жақсы – жаман болуы оның жаратылысынан. Дүниеге келгеннен кейін өз айналасындағы ортаның, қоғамның ықпалында дамып жетілуіне байланысты.
  • Екіншіден, адам өскен ортасымен ана тілінде қарым – қатынасқа түсуі және дүниетанымының ана тілі арқылы қалыптасуы.
  • Үшіншіден, туған жерінің қадір – қасиетін, табиғатын қастерлей білуі.
  • Төртіншіден, туған халқының елдік, ұлттық тарихын білу, оның қиындықтарына мән беру.

Жас ұрпақты жан – жақты дамыту жеке тұлға қалыптастырудың бірден – бір жолы болып табылады.

Білім мен тәрбиені жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне қарай бағыттау қажет.

Жеке тұлға, индивид туралы ғалымдар ізденісіне назар аударсақ, мына мәселелерге ерекше көңіл бөлуге болады. Қазіргі педагогика баланы оқу-тәрбие ісінде субъект ретінде қарастырды.

Ол өзін - өзі тануға, өзін - өзі дамытуға мақсатты түрде ұмтылуы керек. Ал жеке тұлға туралы ресейлік психолог ғалымдар Эльконин, Давыдов, Платоновтар ізденісі бәрімізге белгілі. Олар әрбір жеке тұлғада шыққан тегіндегі қасиеттердің болуымен қатар (жағымды, жағымсыз) жүре келе қалыптасқан қасиеттердің бар екенін дәлелдейді.

Қоғамға деген көзқарасы мен жеке тұлғалар арасындағы қатынастар да өзгереді. Адамның мінезі (тұлғасы) сырттай да, шын мәнінде де өзгереді. Тіпті адамның сыртқы бейнесі өзгереді.

Әлеуметтік және тұлғааралық қарым – қатынастарды психотерапиялық қарым – қатынастардың мысалы ретінде қарастырғанда, әлеуметтік психологияның бөлімі сияқты шешілмеген проблемалар туындайды. Қарым – қатынас және тағы басқа әлеуметтік сипаттағы факторлар кедейшілік, жұмыссыздық, соғыстың болмауына қарағанда жеткілікті.

Хартшорн мен Мэйдің әлеуметтік және әдептілік ұғымдарды, ерекшелігі немесе генерализациялылығы зерттелген кейбір сапалар ретінде қолданғаны ықтимал сынның төртінші аспектісі болып табылады. Тіпті сол сапалар толық айрықша болса да, оның себебі әлеуметтік - әдептілік бітістердің жеткілікті дәрежеде генерализацияланбауы емес, олардың зерттелуіне бағытталған психологиялық әдістемелердің тым артықшылығында; Уотсон айтқандай, даулы мәселені зерттеуді дұрыс таңдамағаннан шешіледі деп есептейді.

Жеке тұлғаның әлеуметтік - әдептік бітістері тума емес, олар әлеуметтік

Адам психологиясы айналадағы адамдардың арасында, олармен бірлестікте және өзара әрекеттестікте немесе олармен тығыз, етене байланысып, айналадағы сыртқы заттар дүниесі арасында жүретін немесе ашық түрдегі ұжым жағдайындағы нақты индивидтердің іс-әрекетімен байланысты. Адамның іс-әрекетін адам мен оған қарсы тұрған қоғам арасындағы қарым-қатынас ретінде түсінуден бас тартқан жөн. Психологиядағы белең алған позитивтік тұжырымдамалардың арқасында адамды қоғамға қарсы қою идеясы көп таралуда. Ол бойынша, жануар сыртқы ортасына қалай бейімделсе, адам да қоғамға «сыртқы орта» ретінде қарап, өмір сүру үшін, бұл әлемде өз орнын табу үшін бейімделуі қажет. Осы тұрғыдан адамның іс-әрекеті, мәселен, «референттік» топтың бағалауы арқылы көрінетін қолдаудың нәтижесінде пайда болады.
Философиялық - әлеуметтік қарым – қатынастың проблематикасында жеке психологиялық аспектісін ажырату әрі қарай қатаң түрінде сенімді болашағы бар болып ашылады. 30-40 жылдары С.Л.Рубинштейн мен А.Н.Леонтьев жасаған атақты іс-әрекетті талдау схемасы психология мен кейбір оған жақын ғылымдарда қазірге дейін кеңінен таралған.

Іс-әрекет категориясы мен тұлғаның әлеуметтік байланысы бірқатар зерттеулерде ашылады.

А.В.Петровский зерттеулерінде тұлға іс-әрекет пен қарым – қатынаста жүзеге асатын, әлеуметтік қатынастар жүйесінің тұрақты субъектісі ретінде қарастырылады.
Қорыта келе, жеке тұлға әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағынан оның қоршаған ортаға деген көзқарасы айрықша орын алады. Егер жеке тұлғаның тұлға болып қалыптасуында қандай да бір ақаулықтар болатын болса, мысалы: айналасындағы дүниені дұрыс қабылдай алмауы, қарым – қатынас барысындағы қызығушылықтың жоқтығы, көпшілікпен тіл табысуының қиындық тудыратындығы, ортақ ой-пікірде болмай, тек өз көзқарасымен жүретіндер тағы сол сияқтылар әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды.

Жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің психологиялық – педагогикалық аспектілері осылайша бағытталады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп», 2002).
  2. Қазақ ССР қысқаша энциклопедия. ІІІ том Бас редактор Нұрғалиев. Алматы, 1988
  3. Толеубекова Р.К. Научно-педагогические основы нравственного воспитания старшеклассников в новых социо-культурных условиях, 2007;
  4. Бейсенбаева А.А. Гуманизация образования старшеклассников на основе межпредметных связей, 1996),
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: