ринципіне жүгінеді. Ең соңғы супер - эго адамгершілік ерекшеліктерді басшылыққа алып, бақылаушы және сынаушы міндеттерін атқарады. Егер "Мен" "Жоғары менге" қарсы тұрса, нәтиже "идтің" пайдасына, яғни, рахаттануға бой ұрса, адам өзін кінәлімін, ұяттымын деп айыптайды. Сөйтіп, бұл жайт конфликтілік ситуацияға алып келеді де, адамдарда аса күшті толқу сезімдері пайда болады. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық - педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. Әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде психологиялық - педагогикалық жағынан қалыптастыруда оның өзіндік ерекшеліктеріне мән беріп, топтағы өзара қарым - қатынастарының ықпалын арттырудың жолдарын нақты көрсетіп бағыт берудің маңызы зор. Осы жауапты қызметте оқушы үшін тиімді әрі оңтайлы әдіс - тәсілдердің шеберлікпен ұйымдастырылуы оларға оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты белсенді әдістердің ішінде әлеуметтік - психологиялық тренингті өткізу - әлеуметтік бейімделудің маңызды тәсілі.
Әлеуметтік - психологиялық тренингтің негізгі мәселелерінің бірі - жеке тұлғаны ұйымдастыру болып саналады. Жеке тұлғаны зерттеудің әлеуметтік - психологиялық мәселелері:
Жүргізілген ұйғарымдардың жүру барысы бізді тікелей жеке тұлға мәселесімен байланысты мәселелер шеңберлі қарастыру қажеттілігіне алып келеді. Бірақ, бұл мәселенің талдауын бастамас бұрын әлеуметтік психологияға арнамалы болып табылатын "кесіндіні" дәлелдеп алуымыз керек. (Әлеуметтік психологияға жеке тұлға мәселесі 1979 ж. ) Әлеуметтік психологияда жеке тұлға мәселесі қандай орын алу қажеттілігі туралы түсініктердің қарама - қайшылығы бар. Жеке тұлғаны оның әлеуметтік сипаттамасына онда бе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>