Тірі және өлі табиғат

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

әрекеттенемін.
2-жағдай
Сен орманға жидек теру үшін бардың.
1. Бәрін қатарынан жұла беремін.
2. Піскен жидектерді ғана бір-бірден теремін.
3. Жидектерді көп-көптен бұтағымен қоса жұламын.
3-жағдай
Орманда серуендегеннен кейін,көп қоқыс қалдықтары қалғанын байқаған кездегі сендердің іс-әрекеттерің.
1. Жерге көміп тастаймыз.
2. Үйге алып кетіп,қоқыс жәшігіне лақтырамыз.
3. Қағаздарды өртейміз.
4. Онсыз да қоқыс көп деп,бәрін өз орнында қалдырамыз.
Балалардың іс-әрекеттерді дұрыс болған жағдайда суреттегі шеңберлерді қызыл түспен,бұрыс жағдайда жасыл түспен бояу керектігін түсіндіріп,жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз бетімен орындауды тапсырады.
Сергіту сәті.
Қане,қатар тұрайық,
Бойымызды жазайық,
Қаздарға біз ұқсайық,
Мойнымызды созайық,
Секірейік,шулайық,
Қояндарға ұқсайық,
Армансыз бір секіріп,
Көзден ғайып болайық.
(Ауд. Г. Нурузова)
Орманшы балаларға "Ормандағы жабайы" атты тиін оқиғасын баяндап береді.

-Өлең сендерге қандай әсер қалдырды?
-Бала неліктен тиінге ұнамады?
Орманның әр жерінде орманшының тыйым салу белгілері ілінген. Орманшы балаларды бір белгіден бір белгіге жетелеп,білімдерін тексереді.

1. Ағаштардың қабықтарын зақымдама.
2. Саябақтарда,орманда,көгалда гүлдерді жұлма.
3. Піскен жидектерді жинағанда,бұтақтарын бүлдірме.
4. Саңырауқұлақтарды таптама.
5. Ормандағы өрмекшінің торын бұзба,өрмекшіні өлтірме.
6. Көбелектерді,инеліктерді,бақа да жәндіктерді аулама.
7. Ұяларды бұзба!
8. Жабайы аңдарға жақындама.
9. Орманда,саябақта тыныштық сақта.
10. Қураған шөптерді өртеме.
11. Орманға,саябаққа,өзен бойына қоқыс қалдықтарын тастама.
Орманшы балаларды мақтап,тиіннің

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: