зденіс ұйымдастыру
Балаларға таратпалы сюжетті карточкалар беріп,не бейнеленгеніне назарларын аударады. - Қай жыл мезгілі бейнеленген? -Оны қалай түсіндіңдер? -Балалар не істеп жатыр? -Балалардың денсаулығын нығайтуда қысқы еңбектің көмегі бар ма? -Бұл суреттерде қандай қысқы еңбек құралдарын көріп тұрсыңдар? Дидактикалық ойын:"Денсаулыққа зиянды заттарды ата"Шарты:Берілген карточкалар ішінен қысқы еңбекті танып атап,жақсы жағын айту. Сергіту сәті:Өлең жолдарына сәйкес қимылдарды жасап көрсетеді. Қош келдіңіз,ару қыз! Қош келдіңіз,сұлу қыс! Қандай сый тарту етесіз? Үлпілдеген ақ қар ма? Сурет салған қырау ма? Шаңғы,шана ,коньки ме? Шыршаларды сәндеген, Жұлдызшаның нұры ма?
Тақтамен жұмыс:тақтаға қысмезгілінің ойндары мен еңбек әрекеттері салынған суреттер ілінеді. Тәрбиеші қол көтерген балаларды шақырып,денсаулыққа қандай әсер ететінін сұрайды.
Суреттерге таңдана қарап,сұрақтарға толық мағыналы жауаптар береді.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Иіліп сәлемдеседі, Қолдарын жаяды, тізерлей отырады, тұрып,қолдарын жоғары көтереді, шаңғышылардың әрекетін қимылмен көрсетеді, қолдарын жоғары көтеріп,жұлдызша жасайды.
Қол көтерген балалар шығып,өз ойларын айтады.
Рефлексия
Үйде де,балабақшада да үлкендер еңбегін құрметтеу үшін мен не істеймін деген сұраққа жауап беруді ұсынады.
Сұраққа жауап береді.
Күтілетін нәтиже:Қысқы еңбектің адам денсаулығына және оны нығайтуғ әсері туралы түсінікті біледі,үлкендер еңбегін құрметтеуге,өз ойларын толық жеткізе білу.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы:Саябақта,орманда өзіңді қалай ұстау
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>