Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі - қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі. Театр түрлері:
Қуыршақ театры.
Саусақ театры.
Көлеңке театры.
Ойыншықтар театры.

Саусақ театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.
Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.
Ас ішер алдында қолдануға болады.
Тамақ ішер кезде саусақ қуыршағы арқылы:тақпақ айтуға болады
Тамақ ішер кез келді
Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені,
Көзімізге ілмейміз. / астарың дәмді болсын/

Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.
-Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
-Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.
-Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т. с. с
-Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: