ің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Мектепке ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады.
Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгіларінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.
Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.
Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.
Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатаын болсақ;
-Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>