Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ен пікірінің мағынасын түсінуі тиіс. Сондықтан әр отбасында ата-ана өз баласының инабатты,тәрбиелі де әдепті, адамгершілігі зор азамат болып өсуі үшін, ұлттық тәрбие бере білуі керек.
Әр ата-ана баласының денсаулығы мықты , ержүрек,қайсар,батыл болып өсуіне жауапты.
Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М. Шахановтың: "Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек", - дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы, балаларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы - отбасында, екінші - балабақшада болғандықтан, ата-ана мен балабақша, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе екені баршамызға аян.
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: "Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды". Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: "Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы", - деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгесу мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезеңнен бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны - дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.
Сондықтан да, халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жал - ғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, бал

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: