Қош келдің, Наурыз!
Мақсаты: 1. Балаларға Ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлауды, халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық ойын, әдет-ғұрпын үйрету.
2. Ұлттық -салт дәстүрді кішкентай кездерінен бастап көздерін қанықтырып өсіру, оны қастерлеуге тәрбиелеу,
3. Наурыз күні туралы мағұлмат бере отырып, табиғат құбылыстарымен балаларды таныстыра өту.
Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл баршаңызға бақыт, ырыс, береке әкелсін.
Тәрб: Балалар, жылдың қай мезгілі?
-Көктем.
Көктем айларын атаңдаршы?
-Наурыз, сәуір, мамыр.
Наурыз айында қандай мерекелер бар?
-Аналардың мерекесі, Наурыз мерекесі. Жаңа жыл.
«Нау» жаңа рыз күн деген мағынаны білдіреді екен. 22Наурыз күні күн мен түн теңеледі. Күн ұзарады. Күн жылынады. Біз аулаға шығып ойнайтын уақытымыз көп болады екен.
Олай болса, балалар Наурыз мерекесін Апамыз бен атамыздың ауылына барып Наурыз тойын тойлайық.
Ата мен апаның аулына келеді. Апа іс істеп отырады. Ата қамшы өріп отырады. Бала асық ойнап отырады.
Тәрб: Балалар, апа мен атамыздың аулына да келіп қалдық. Балалар амандасады.
Апа: - Сәлеметсіңдер ме, балаларым? Қалдерің қалай, қарақтарым?
Тәрб: Мал-жан аман ба? Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын.
Ата: Рахмет, аллаға шүкір аманбыз. Ұлыс оң болсын!
Балалар: Ақ мол болсын. Қайда барсаңыз жол болсын. Ұлыс береке берсін.
Әже: Өркендерің өссін, құлындарым.
Тәрб: Апа , сіздердің ауылдарыңызға Наурыз көже ішейік деп, мерекені бірге тойлайық деп келдік.
Ата: Өте жақсы болыпты келгендерің, ниеттерің жақсы екен, тойдың үстіне келдіңдер. Төрлетіңдер, отырыңдар. Иә, той басталғанша өнерлеріңді көрсете отырыңдар.
Тәрб: Сіздерге балаларыңыз өнерлерін көрсетсін. Тамашалай отырыңыздар. Балаларыңыз сондай ө
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>