/>Елімнің сақта бірлігін.
Дарын: Әнім де саған биім де,
Құт қонақ, өзің үйің де,
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде, Наурыз күлімде.
Тәрб: Ақгүл қыздарыңыздың орындайында « Балдырған жыры»
Апа мен ата : Риза болып қолдап, рахмет айтып отырады.
Тәрб. : Наурыз көженің құрамын білесіңдер ме? Қане айтыңдаршы?
Жақсы біледі екенсіңдер.
Қырмызы: Арпа бидай тары бар,
Қатық, малта тағы бар
Ішілетін жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Бегайым: Бата беріп атамыз
Бата беріп анамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.
Нұрай: Наурызға оюлы
Ұлттық киім киеміз
Бастап ән-күй ойынды
Би билеуді сүйеміз.
Тәрб: Ертегі -қиса, дастанның кейіпкерлері де бүгінгі мерекемізге келіп қалыпты. «Қожанасыр» Қатысатындар: Ақбөпе, Бегайым, Ермахан, Сұлтан, Ардақ, Ақгүл.
Ата: Балалар, сендер қандай ұлттық ойынды білесіңдер. Мен сендерге «Қыз куу» ұлттық ойынын үйретейін. Ойын ойналады.
Тәрб. Кішкентай қыздарымыздың биін тамашалаңыздар. «Қуыршақтар» биі.
Тәрб: Атасы мен Апасы, балаларыңыздың әніне құлақ қойыңыздар. Естиярлар тобының орындауында «Балдырғандар жыры»
Ата мен апа қошеметтеп отырады.
Тәрб. : Жайылған қазағымның дастарханы,
Көгінде күмберлеген асқар әні.
Құшағын кеңге жайған бұл халқымның
Бұйырған бар халыққа тұз бен дәмі.
Бүлдіршіндердің орындауында орыс биі.
Атасы: Балаларға бата береді.
Апасы: Бүгін, мына балаларымның өнерін тамашалаймын деп отырып қалыппын ғой. Бүгін мына немеремнің "Бесікке салу " тойы. Сендер құлындарым тойға дәл келіпсіңдер. Немеремді бесікке салу жолын Арайға беремін. Бесіктің жабдықтарымен түгел таныстырып береді. Тыштырма таратылады.
Апа: Әй, келіндерім, дастархандарыңды жайып, балаларға Наурыз көже беріңдер. Балалар
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>