нерлі, әнші, биші.
Апа. : Ой, қарақтарым –ай, менің балаларым солай болса керек еді.
Тәрб: Қане, балалар «Наурыз біздің жаңа жыл» әнін орындайық.
Ақбөпе: Қош келдің, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Сұлтан: Наурыз келді көңілді,
Қуантуға өңірді
Құстар ұшып келеді
Әнге бөлеп өңірді
Айғаным: Қарды ертіп жылғасы,
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың.
Ермахан: Наурыз гүл көктем
Сәнді ай арайлы
Күлімдеп күн көктен
Нұр шашып қарайды.
Нұрдәулет: Кең байтақ өлкемізге
Шуағын нұрын төккен
Жыл басы қазағымның
Кел, төрлет Наурыз көктем.
Ардақ: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салып, жас-кәріміз
Би билейік бәріміз.
Тәрб: Ардақ дұрыс айтады. Би билейік. Қыздардың орындауында «Әдемі-ай» биін тамашалаңыздар.
Тәрб: Наурызда жақсы тілектер айтылады. Тілегімізді Қыдыр ата қолдасын.
Мирас: Үстем болсын мерейің
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ü
Þ
Ü
î
NАқгүл: Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Жібек: Ұлы халқым тоқ болсын
Көйлектерің көк болсын
Уайым қайғы жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын.
Тәрб: Енді біздің балалардың орындауында «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.
Тәрб: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен-саяқ
Ән шырқап, би билейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Би: ортада «Кішкентай серілер» «Шабандоз» биін тамашалаңыздар.
Жайна: Наурызым- тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін
Жерімнің жүзін жылыттың,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>