Табысты мектептің бақытты баласы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

абақты зерттеу, іс-әрекетімізді зерттеуді қолға ала бастадық. Әрине қай істі болмасын бастау қиын. Мысалы Жапония елінен бастау алған Lesson study тәсілін бастау, оны зерттеу оңай шаруа емес екені белгілі, бірақ оның баланың біліміне, дамуына, жетілуіне қаншалықты пайдасы бар екенін біле тұра оны қолданбау ұстаз үшін үлкен кемшілік дер едім.
Осындай игі бастамалардың басы-қасында жүрген ынталы топ мүшелері нағыз көшбасшы ретінде өздеріне тапсырылған жұмыстарды мүмкіндіктерінің келгенінше атқаруда. Нәтиже жоқ емес, әрине бар, дегенмен бірден бәрі өзгеріп кетеді деу артық болар. Оған біршама уақыт керек екені белгілі.
Кедергілер жоқ емес, бар. Олар біріншіден, ұстаздардың кәсіби әлеуетінің, кәсіби құзіретінің талапқа сай болмауы, ішкі уәждің жетіспеушілігі, сол баяғы дәстүрлі сабақтан арылмауы. Екіншіден, кәсіби қоғамдастықтың өз мәнінде қалыптаса алмауы, желілік қоғамдастықтың жұмысына араласа алмауы. Санамызда қалыптасқан ескі сарыннан арылудың бірден бір жолы кәсіби дамуды қамтамасыз ететін кәсіби қоғамдастықтың жұмысын бір сәтке тоқтатпай дамыта түсу болып табылады.
Қазіргі заманғы білім беру саласында талап өте күшейіп, оған сәйкес оқыту мен оқу үдерісіндегі болып жатқан өзгерістер де күннен күнге даму үстінде. Бізге ұсынылып отырған Бағдарлама аясындағы әдіс-тәсілдерді ұстаздар тек қолданып қана қоймай, оның одан әрі дамуына, кеңеюіне өздігінен ықпал жасауға мүмкіндік алады. Бұл бағдарламаның ерекшелегі осында деп ойлаймын. Өйткені мұғалім оқыту үдерісі кезінде сабақты зерттеу арқылы оқушының іс - әрекетін зерттеуіне тура келеді. Зерттеу деген сөз ол белгілі бір нәрсеге немесе іс-әрекетке тереңірек үңілу болып табылады. Ал оқушыны тереңінен ойлануға, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, үйрету үшін мұғалім де соған бейімделуі тиіс.



Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: