Табысты мектептің бақытты баласы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қасиет деп ойлаушы едік. Бағдарлама аясында










өткізілген тәжірибелердің нәтижелері көрсеткендей баланың көшбасшылық қасиетін ашу арқылы оның жан-жақты дамуына үлкен әсер ететінімізге көз жеткіздік. Бала тұрмақ мұғалімнің бойындағы кейбір бұрын-соңды білінбеген жақсы қасиеттердің байқалғандығының куәсі болдық десем артық айтпаймын. Көшбасшылық-бұл баланың өз-өзіне деген сенімділігінен туатын жақсы қасиет. Нағыз көшбасшы болу үшін өз ойын бүкпесіз ашық айту, өзгенің де пікірімен санасу және өз ара сыйласымдылық пен түсіністік керек. Бөлінген көшбасшылықтың да тигізер пайдасы мол. Ол адамның бойында тең құқылық, үлкен жауапкершілік, сенімділік, өзгенің өзіңе деген сенімін ақтау керектігін түсіну сияқты қадір-қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.









Егер ұжымда әрбір ұстаз өзін нағыз көшбасшы ретінде сезініп, соған лайықты болса және сыныпты да солай басқара білсе, ол қасиет бала бойында да қалыптасатыны белгілі. Өйткені оқушы үшін ұстазы үлгі, айна іспеттес.
Қазіргі балалардың мінез-құлқы, болмысы, тәрбиесі кеңес дәуірі кезіндегі балалардан ерекше. XXI ғасыр балалары ойын ашық айта алатын еркін, алғыр, тез қабылдағыш, тез икемделгіш, бір сөзбен айтқанда қазіргі дамыған заманына лайық. Сондықтан біздің, ұстаздардың дәстүрге айналған, ескі сарынды оқыту үрдісіміз оларды қызықтырмайтыны белгілі. Ал бізге ұсынылған бағдарлама осы бір уақыт пен әрекеттің үйлесімділігін сәйкестендіретін бірден бір құрал десе болады. Осы әдістемелік құрал мектебіміздің өзгеруіне мол әсерін тигізуде. Өйткені біз мектептің даму












жоспарын мүлдем басқаша, яғни сыни тұрғыдан қарастыруға бағыт алдық. С

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: