Мұғалімдерден TALIS сауалнамасын алу кеңінде анықталған басты проблемаларды атап айтсақ, олар біріншіден, ұстаздардың ескі көзқарастан әлі де болса арыла алмауы, қалыптасқан дәстүрлі сабақтан алшақтай алмай, жаңалыққа тосын қарауы, қиындықтан шығар жолды көре алмауы және оған қоса енжарлық танытуы. Сабақты жоспарлауда оқушы үні ескерілмеуі, дәстүрлі сабақ беру тәсілінен арылмауы.
Екіншіден, көпшілік ұстаздардың кәсіби біліктілігінің төмендігі, мектептегі қағазбастылықтың әсері, уақыттың тапшылығы, яғни уақытты сабақты жоспарлау кезінде және өткізу кезеңінде тиімді пайдалана алмауы.
Үшіншіден, мектептегі ұстаздарымыздың кәсіби қоғамдастыққа әлі де болса белсенді қатыспауы, желілік қоғамдастықтың дұрыс жолға қойылмағандығының әсері.
Ата-аналардан алынған сауалнама негізінде анықталған проблемалардың бірі - мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз әрі шынайы байланыстың әлі де болса сөз жүзінде, қағаз бетінде қалып қоюы.
Ата-аналарымыздың оқыту мен оқу үдерісіне етене араласа алмауы да басты себеп болып отыр деп айтуға болады. Оған қоса кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне жұмысты сылтау қылып, уақыттың жоқтығын алға тартып, атүсті қарайтыны тағы бар.
Қоғамдағы, кейбір отбасындағы бала тәрбиесіне кері әсер тигізетін, болашағына балта шабатын әр түрлі өзекті мәселелер де өзінің ықпалын тигізбей қоймайды деп ойлаймын.
Міне, осы аталған проблемалар, мектептің дамуына кері әсер ететін негізгі факторлар болып табылады.
Мектепті өзгерістерді зерттей келе мынадай қорытындыға келдім. Әрине, бірнеше жылдар бойына қалыптасқан, дәстүрге айналған ескі жүйені бірден өзгертіп жіберу мүмкін емес. Алайда ұстаз деген халық жаңалыққа жаны құмар
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>