Табысты мектептің бақытты баласы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

болып келетіні белгілі. Мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізілген жұмыстар мектептің дамуы жолындағы, өзгеру жолындағы теңізге тамған тамшыдай ғана әрекет деп есептеймін. Сондықтан бізді әлі алдымызда жаңа ақпарат пен білімге негізделген қарқынды өзгеріс, жаңаша оқыту мен оқу үдерісі, зерттеулер, ізденістер, шығармашылық көп жұмыстар күтіп тұр.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары біздердің білімдеріміз бен біліктерімізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздардың үлесі орасан мол.
Бірте - бірте талапқа сәйкестендіріп, үйретуден жалықпай, жаңалықтан қалыспай, көштен қалмай ілесіп, ұжымды жұмылдырып, бағыттап отырсақ, табысты мектептің бақытты баласына сапалы білім беретін, жетістікке жеткізетін нағыз көшбасшы мектеп болатынымызға сенімдімін.








Түйін
Егемен, Тәуелсіз еліміздің болашағы-жастардың қолында. Әйтсе де оған дұрыс бағыт бағдар берушінің бірі- ата - ана болса, тағы бірі - біз, яғни мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Мектептің дамуына оқушының жетістіктері негіз болса, сол оқушыны жетістікке жеткізетін негізгі тұлға - ұстаз. Ал сол ұстаздан заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты білікті болуды талап етеді.
Будущее нашего Независимого Государства в руках молодых. Но дать им правильное направление в руках родителей и пегагогов. Школа помогает молодым выбрать правильный путь в жизни и главная роль в этом избрании- роль учителя. Развитие школы зависи

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: