із, яғни мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Мектептің дамуына оқушының жетістіктері негіз болса, сол оқушыны жетістікке жеткізетін негізгі тұлға - ұстаз. Ал сол ұстаздан заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты білікті болуды талап етеді.
Бағдарламаның түйінді идеясы әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарының негізінде жастарды өз елінің тарихын, дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден - жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпал тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Сонымен қатар осы жеті модульді негізге ала отырып, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді оқыту мен оқу үдерісінде қолдану арқылы оқушының танымдық белсенділігін арттыру, сыни ойлауды үйрету арқылы сыни қөзқарас қалыптастыру, оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның маңызды ұстанымдарының бірі-жалпы адамдар арасындағы, олардың қарым-қатынасы кезіндегі көшбасшылық қасиетін негіздеу, дамыту, қалыптастыру болып саналады. Жалпы адамның барлығы көшбасшы болуға лайықты да және оған құзыретті де, тек бала кезінен қалыптаспаған дағды, теріс тәрбие, әркімнің өзінің ортасы кедергі болуы мүмкін.
Көбіне көшбасшылық тек басшы адамдарда, ұйымдастырушылық сала қызметіндегі мамандарда ғана болатын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>