Сабақтың мақсаты: Оқушыларды заттың пішінін көрсетуді штрих көмегімен және композициялық құрылу жолын үйрету
Сабақтың түрі: Бейнеге немесе затқа қарап сурет салу.
Көрнекілік: Натюрморт бейнеленген плакаттар және гипстен
жасалған геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
Бұрын суретті тек сызықтың өзімен ғана бейнелесек,енді штрихтардың көмегімен жарық пен көлеңкені анықтап,оның қандай материалдан жасалғанын көрсетеміз.
«Натюрморт» сөзі-француз сөзінен алынған термин.Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш қозғалмайтын зат» деген мағына білдіреді.Сондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді,заман келбетін тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін,әдет-ғұрпын,тарихын тануға болады.Осының куәсі ретінде қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш суретші Айша Ғалымбаеваның «Дастархан» атты натюрморты дәлел бола алады.