қыз", "Тігінші", "Тоқымашы", "Қарындас портреті", "Автопортрет" шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан - Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. "Тау пезажы", "Медеу келбеті" картиналары осыларға қосылады.
Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: "Бие сауу", "Құдықтың басындағы бай мен жарлы", "Қалың малға сатылған қыз", "Шөп шабу", "Колхоздың сүт фермасы", "Колхоз тойы", "Колхоз қырманы".
Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз шығармасынан ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына "А. Имановтың портреті", "Амангелдінің шабуылы" атты композициялары жасады.
Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә. Ысымайлов шығармашылығы көрнекті орын алады. Алғашқы ұлттық график-суретші Ә. Ысымайловтың творчествосы, қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>