Сурет салу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

рсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
Оқу-әдістемелік кешен мазмұнында ұйымдастырылған оқу қызметін (ҰОҚ) өткізудегі негізгі ғылыми және педагогикалық тәсілдер жүзеге асырылады және ұсынылатын әзірлемелер: ұзақмерзімді (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) және қысқамерзімді ҰОҚ жоспарларын қолдану шарттары, педагогтің әліппе-альбоммен жұмыс істеудегі әдістемелік міндеттері айқындалады.
Мектепалды даярлық сыныбына арналған «Сурет салу» әдістемелік нұсқауының мақсаты – педагогке мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің негіздеріне тарту, көркем жұмыстар арқылы өз ойын жеткізу қажеттіліктері арқылы шығармашылық құзіреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдістемелік нұсқау беру.
Оқу-әдістемелік кешен (әрі қарай – ОӘК) мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілерін негізгі техникалық және көркем-эстетикалық білім мен дағдыларға базалық деңгейде үйретуді қамтамасыз етеді және педагогке арналған әдістемелік нұсқауды (түсініктемелер); 1 және 2 әліппе-альбомды қамтиды.
«Сурет салу» бойынша ҰОҚ-нің ғылыми-әдістемелік негіздері,
оларды жүзеге асыру
ҰОҚ-нің негізгі тұжырымдамалық идеясы, олардың ерекшеліктері және қазіргі білім мақсаттары мен міндеттеріне, ҚР МЖМББС талаптарына сәйкестігі
Қазіргі білім парадигмалары мен адамзаттың шығармашылық, адамгершілік-рухани қажеттіліктері бейнелеу іс-әрекетін алдыңғы қатарға қояды.
Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі тұжырымдамасы бейнелеу өнерінің (сурет салу) құралдары арқылы тұлғаны жоғары гуманитарлық құндылықтар негізінде қалыптастыру; тәрбиеленушілердің біртұтас оптимистік дүниені сезінгенін байқату, өнердің алуан түрлілігін ескере отырып, оның адамгершілік-эстетикалық ортасын қалыптастыру; 6–7 жастағы балаларда ұлттық абырой мен мәдени

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: