Сиқырлы саздың сырын ұққан

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ева, Досымжан Тезекбаев, Күләш Молдағалиева, Түркістан Өзбеков, Толқын Тілеубаевамен қатар, өзінің "Әлем артисі" атануына өлшеусіз еңбек қосқан белгілі музыкант Сапиолла Жакеевті ерекше атап, мемлекеттік сыйлыққа берілген қомақты қаражатты ұстаздарына бөліп беріпті. Айманның мұндай мәрттігі - ұстаздарының алдындағы шексіз алғысы болса керек.
Ұлы ұстаз өмірінде небір жақсы мен жайсаңдардың арасында өнегелі өмір кешті. Өмірде де, өнерде де В. Д Панкратов, А. К. Жұбанов, Қ Қожамияров, Л. М. Шоргордский, К Мухитов, А. Толғанбаев сынды музыка марғасқаларынан үйренсе, бала кезгі, консерватория қабырғасындағы, жастық шақтағы достары, қазіргі кездегі белгілі музыканттар Темір Тікішев, Ғабдолла Мұқанов,О. Ф. Шульпяков, Василий Тимофеевич Ногайлармен, кейіннен Санкт-Петербор Консерваториясының профессоры болған А. Корчагин, елімізде музыка саласына еңбегі сіңген ұстаздар Т. М. Өзбеков, Ф. Д. Мавриди, Л. Н. Дудник, В. М. Анашкин, Н. М. Патрушева, В. С. Хессе, И. Б. Коган, Д. К. Баспаевалармен иық тіресе еңбек етті.
Сапиолла Молдағалиұлы саналы өмірі Алматыда өтсе де, туған жерін естен шығарған емес. Нағашы қарындасы-Орал қаласының тұрғыны, зейнеткер- Сауле Нурекешова ағасы жайлы тебірене еске алады:
Ағам Оралға жыл сайын келетін еді. Өмірінің соңына дейін сол әдетінен жаңылған емес. Туған ауылы Социализмге барып, Барбастауына суға түсіп, ауыл адамдарымен әңгімелесіп, барлығын жақын тартып тұратын еді. . .
Өзі де: "Маған осы ауылды бір аралап шыққаным, көңіліме шуақ сыйлап, бойыма күш береді" деп жиі айтатын.
Бұл сөздің өзінен-ақ ұстаздың туған жерге деген ыстық махабатын көргендейміз. Жыл сайын келе тұра әлдекімдер құсап жар салмай, өзін-өзі жарнамаламай, елеусіз келіп, елеусіз кетуінің өзі асқан қарапайымдылық емес пе? Қарапайымдылық ұл

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: