ныс алғанда майлар көмірсулар сияқты тотығып өсімдікке қажетті энергия бөледі, ағзадағы көмірсулар майға айналады. Майлар техникада, тамақ өнеркәсібінде, медицинада кеңінен қолданылады.
Қалдық заттар. Жасуша ішіндегі қосындылардың қалдық ретінде шығарылатынына қымыздық қышқылы, кальций кристалдары (кальций оксалаты – СаС2О4) мен эфир майы жатады. Өсімдіктерде жануарлардағыдай керексіз заттар шығаратын арнаулы мүше болмағандықтан, цитоплазмадағы тіршілік әрекетінің ақырғы өнімі жасуша вакуольінде кальций оксалаты немесе кальций корбанаты түрінде өсімдік ұлпалары мен мүшелерінде түзіліп, күзде түскен жапырақтармен, сылынып түскен қабықтармен бірге ауық-ауық сыртқа шығарылады. Тұз кристалының пішіндері таяқша, ине тәрізді жеке-жеке немесе майда кристалдар бір-бірімен бірігіп жатады, сондықтан кристалдар да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: а)жеке кристалдар; ә) ине тәрізді топтары (рафидтер); б)жұлдыз тәрізді кристалдар, бір-бірімен бірігіп кеткен (друздар); в) майда кристалдар топтары.
А. Жеке кристалдар тік төрт қырлы, алты қырлы, сегіз қырлы, үшбұрышты болады. Олар жасушада кейде екіден, төрттен бірігіп айқасып жатады. Меңдуанының қурай бастаған жапырағы мен пияздың ең сыртқы қоңырқай түсті кебу жапырағының жасушаларындағы кристалдар бір-бірден ұзынша төрт қырлы болып көрінеді.
Ә. Ине тәрізді жіңішке, бір-біріне қатарласа топтанып жатқан (тұтасып бірікпеген) кристалдарды (рафидтер) бөлме өсімдігі алоэ, гиацинт жапырақтары мен інжугүл тамырсабағынан көруге болады.
Б. Жұлдыз тәрізді кристалдар, бір бірімен бірігіп кеткен (друздар) сасық меңдуананың жапырағында, емен қабағында, рауғаш тамырсабағында кездеседі. Рауғаштың тамырсабағын әбден кептіріп ұнтақтағанда да кристалдар сол күйінде сақталады. Олар бөлме өсімдігі бегонияның жапырақ сағағы көлденең кесін
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>