Өсімдік жасушасының құрылысы

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15  >  >>

дісінен анық көрінеді.
В. Майда кристалдар топтары құм тәрізді белладонна, темекі жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда майда кристалдар топтары толтырып жатқан жасушалар басқа жасушаларынан күңгірттеу, сондықтан ондай жасушаларды кристалды қапшықтар деп те атайды. Кристалдың пішіні өсімдік түріне байланысты болғандықтан дәрі әзірлеу үшін шикізіат алынатын дәрілік өсімдіктерді жасушаларына қарап ажыратады. Егер шикізат үшін таңдап алынған өсімдіктер қате алынса дереу кристалдарының пішінінен анықтайды. Мұндай шикізаттан дәрі жасау өте қауіпті.
Эфир майларыөсімдік жасушаларының цитоплазмасында жасуша аралықтарында, шайыр және эфир майы жолдарында тамшы күйінде кездеседі. Олар жасушалар арқылы арнайы бездер мен безді түктерге өтеді. Эфир майлары органикалық қосылыстардың жиынтығы жапырақта, сабақта (жалбыз, эвкалипт, т. б. ), гүл күлтелерінде (раушан, жасмин), жемісте (бүлдірген, құлпынай, таңқурай, өрік, лимон, мандарин), тұқымында (анис, кориандр, сәбіз, укроп), тамырда (колюрия), тамырсабақта (құртқашаш), көктемгі бүршіктерде (терек, аткаштан), түктерінде (қазтамақ) жиналады. Өсімдіктердің аңқыған хош иістері эфир майларына байланысты болады. Олар өте аз мөлшерде бөлінетіндіктен раушан гүлінен 1 грамм эфир майын алу үшін 2 кг-нан артық гүл қажет. Эфир майы суда ерімейді, тек спирт, эфир, бензинде ғана ериді, тез ұшқыш. Дәрі жасау үшін медицинада, бояу заттары, парфюмерия, тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Биологиялық маңызы: анқыған иістері жәндіктерді алыстан-ақ еліктіреді, жәндіктер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерге өте пайдалы және кейбір өсімдіктердің жағымсыз иістері зиянды микроағзалардан зақымданудан, малға жем болудан қорғайды.
ІV. Бекіту.
Жасушаның құрылысы (бөліктері)Атқаратын қызметі
1. цитоплазма мен

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: