Шынықсаң шымыр боларсың

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Шынықсаң шымыр боласың"

Жан - жақты тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады: қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.
Денені жаттықтырудың бір түрі- шынығу. Денені шынықтыру балалардың денсаулығын нығайтады, сонымен қатар балалар денені шынықтыру арқылы шапшаңдылыққа, қимылды ойындар ойнағанда да тез жүгіруге, икемділігін арттыруға, бір қалыпты жүруін және аяқ- қол бұлшық еттерінің жақсы жетіліп өсуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесі балалардың ақыл - ойын, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек шат көңілді және белсенді болуына ықпал етеді. Біздің топта дене тәрбиесі сабағы аптасына екі рет өткізіледі. Сабақ жоспар бойынша жүргізіледі. Апта ішінде өткізілетін тәрбие жұмысында, бір тұтас күн режимінде барлық кезеңінде әуенді қимыл қозғалыс қолданылады. Яғни ертеңгісін балаларды қабылданғаннан кейін, ертеңгілік жаттығулар жасағанда әуеннің ырғағымен жасалынады. Оқу іс-әрекетіде іске асырылатын жаттығулар негізгі қимыл қозғалыстар, жүру, жүгіру, секіру, затты домалату, лақтыра білу, еңбекеу, тепе-теңдікті сақтау.
Қол- аяқ бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларды дұрыс орындай білуге, әуенді тыңдап ойын жаттығуларын әуен ырғағымен үлестіре орындау. Дене жаттығуларын әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандыру. Балаларды батыл қимыл жасауға жігерлікке, төзімділікке баулып дене мүшелері (қол, аяқ, т. б) қозғалысын дамыту. Жаттығулар арқылы балалардың денсаулығын нығайту. Дене тәрбиесіне қажетті құралдарды пайдаланамыз (доп, құм с

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: