Шынықсаң шымыр боларсың

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

алынған қалта, доға, шығыршық, жалаушалар, ленталар, әр түрлі кедергілер). Бұлар балалардың жас шамаларына байланысты пайдаланылады.
Гимнстикалық жаттығулардың жиі пайдаланылатын түрлерінің бірі жүру, жүгіру, сапқа тұру, шеңбермен жүру. Жүгіру кезінде балалардың барлық дене мүшелері бұлшық еттері, буындары - бүкіл ағзасы қозғалыста болады. Жүру көбінесе басқа жаттығуларға кірісер алдында және олардың аралығында аяқталу кезінде пайдалынылатын көмекші жаттығу болып есептеледі. Біздің топта жүре алмайтын бала жоқ, бәрінің де өздерінің жастарына сай жүру қабілеттері дамыған. Серуен кезінде балалар көбіне жүгіріп ойнағанды жақсы көреді. Бірін - бірі қуып көбінесе "Мені қуып жет" ойынын ойнайды. Допты лақтырып "Кім бірінші жетеді?" деп бар күштерін салып жүгіреді.
Жылдың басында дене тәрбиесі оқу іс - әрекетінде балалар залға қалай кіруді, сапқа қалай тұруды, шеңбер жасап жүруді, сонымен қатар олар денені тік ұстауды, басты төмен қаратпауды, жүргенде, жүгіргенде, аяқты жерден дұрыс алып жүруді меңгерген. Жаңадан келген балаларды оқу іс әрекетінен тыс уақытта жеке жұмыс жүргіземін. Әсіресе жаңадын келген Ақтілек деген қыз бала сапқа тұруды, сапта тұрып қалай жүгіруді білмейтін еді. Таң ертеңгілік бой жазуға барғанда сапта жүріп келе жатып тоқтап қалып, біресе саптан шығып кетіп, алдындағы мен артындағы балаларға кедергі жасайтын еді, сондықтан ата- анасымен жұмыс жүргіздім. Мысалы: Дәурен мен Амир жаттығулардың бәрін жақсы жасайды, бірақ өте жай қимылдайды. Оның ата- анасына үйде Дәуреннің ойыншық машинасын тығып қойып, соны өзі іздеп тауып алуын қадағалау. Баланың ойыншығын тауып алып бір жерден екінші жерге тез алып баруын қадағалау.
Денешынықтыру оқу іс әрекетінде жаттығуларды қызықты өту үшін гимнастикалық орындық, шашақтар, доға, жалауша

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: