оқыту әдістемесі пінінің мұғалімі:
- Әдебиет сабағында шығарманың мазмұнын ұғындыру үшін қандай жұмыстар жүргіземіз?
Әдебиеттік шығарманы оқу алдындағы кіріспе жұмыстарақын, жазушының өмірбаянын оқып үйрену шығармадағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру шығарманы мәнерлеп оқу
Бүгінгі сабақта осы жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз. Шығарманы оқып үйрену үшін жүргізілетін жұмыстардың бірі - шығармаға жоспар жасау.
Мағынаны тану
Лекция әдісімен жаңа сабақты түсіндіреді
5 - 7 сыныптарда әдеби шығармаларды оқып үйренумен байланысты жүргізілетін жұмыстың бір түрі - шығармаға жоспар жасай білу. Оқушыларға шығармаға жоспар жасатып үйрету жұмысы көркем шығарманы оқыту, мазмұнын ұғыну, талдау, ауызша, жазбаша тілін дамыту жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Демек жоспар жасау жұмысы шығарманың тақырыбы мен мазмұнын,сюжеті мен композициясын, идеясын ұғынуға, ойын жүйелеп айтуға, сауатты жазу дағдаларын дамытады.
Жоспардың екі түрі бар жай жоспар және күрделі жоспар. Әдебиетті оқыту әдістемесінде осы екі жоспардың қайсысын қай сыныптан бастап үйрету керек деген пікір бар. Кейбіреулері 5 сыныптарда жай жоспар, 6,7 сыныптарда күрделі жоспар жасату керек дейді. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Мектептегі оқушыларға әдеби шығармаға жай және күрделі жоспар жасауды да 4 сыныптан бастап үйретеді. Егер оқушылардың дағдылары жеткіліксіз болса 8,9 сыныптада үйретуді жалғастыра беруге болады.
Әдеби шығармаға жоспар жасау - күрделі жұмыс. Өйткені ол оқылған шығарманың мазмұнын, оның бөлімдері арасындағы логикалық байланысты түсінуі керек.
Оқушылар бұл жұмыспен бастауыш сыныптарда танысып көлемі шағын мәтіндерді тиісті бөлімдерге бөлуге, әр бөлімге хабарлы, сұраулы сөйлемдерге ат қоя білуге үйреніп, жеңіл түрде жаттығып келеді. Ал б
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>