Шығармаға жоспар жазу

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

із сол білімдерін әрі қарай, бағдарламаға сәйкес күрделендіріп дамытамыз. Мысалы, 5. 6 сыныптарда баяндау түрінде жазылған, көлемі шағын шығармалардың бір бөліміне немесе үзіндісіне ғана жоспар жасап үйренсе, 7 сыныптан бастап суреттеу түріндегі көлемі шағын шығармаларға жоспар жасауды үйренеді. 8 сыныпта төменгі сыныптарда алған білімдері бағдарламаға сәйкес қажеттілігіне қарай қайталанып, пысықталып, дамытылып, бекітіліп отырады. Сөйтіп негізгі мектепті аяқтаған оқушы көркем шығарманың қай түріне болса да, өздігінен жай және күрделі жоспар жасай алатындай дәрежеге жеткізіледі.
Ал енді екі түрлі жоспардың айырмашылығына келсек, жай жоспар жасағанда шығарма негізгі бөлімдерге бөлінеді де, әрқайсысының мазмұнына сәйкес тақырыптар қойылады. Бірақ бөлімдер бұдан әрі қарай тармақтарға бөлінбейді.
Күрделі жоспар жасағанда мәтін мұқият талданып, жай жоспардағыдай негізгі бөлімдерге бөлінеді де, әр бөлім өз ретімен тармақтарға бөлініп кетеді. Егер кейбір бөлімдері тармақтарға бөлуге келмесе, ол сол қалпында қалады. Сондықтан күрделі жоспарын жасау жай жоспарға қарағанда қиын. Ал кез келген шығармаға жөнсіз жоспар жасала бермейді. Мысалы, өлең, жырлар сияқты кіші жанрларға жай жоспар жасаған дұрыс. Кейбір өлең-жырларға жоспар жасамаса да болады, себебі олардың идеялық мазмұнын жоспар құрмай-ақ мәнерлеп оқу, талдау арқылы да түсінуге болады. Ал әңгіме, ертегі, поэма,роман сияқты көлемді, күрделі шығармаларға күрделі жоспар жасаған жөн болады.
Мәтіннің ауыр - жеңіл болуы шығарманың түрі және мазмұндау ерекшелігіне байланысты: мысалы, баяндауға қарағанда, суреттеудің, суреттеуден гөрі мінездеудің, мінездеуден диалогтың жоспарын жасау қиынырақ.

Қолдан
Енді үлгі ретінде кейбір шығармалардың жай және күрделі жоспарын көрсетейін.
6 сыныпта оқул

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: