ақтау мен Жоңғар қақпасындағы жартас жазуларының көшірмесін жасап алған және Аягөз бен Ыстықкөл жағасындағы тастардың суретін қағазға түсірген.
Шоқан Уәлиханов қалдырған мұраның бір алуаны – бейнелеу өнері саласындағы еңбектері. Шоқан жастайынан сурет салуға құмар болады. Оның алғаш суретке еліктеуіне Уәлихановтардың үйінде ұзақ тұрып, жұмыс істеген орыс ғалымдары әсер етсе керек. Шоқан Уәлихановтан 150 шақты сурет қалған, ол көбінесе қарындаш, акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы ХІХ ғасырдың 60-жылдарының басында «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» журналдарында жарияланған.
Қазақтың этнограф- ғалымы – Шоқан
Ш. Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын зерттеген. Ыстықкөл аймағына барып, қырғыз, ұйғыр, дүңген, қытай халықтарының тарихын да зерттеді. Қырғыз халқының « Манас» жырын қағазға түсірді.
Шоқан – қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы,саяхатшы – ғалым. «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» атты еңбектер жазған.
Шоқанның еңбектері , өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді.
Шоқан Уәлиханов
V. Мәтінмен жұмыс
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген.
Шоқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхамедханафия. Алайда жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында шоқиып отырып, әңгіме, қиссаларды
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>